Ақмола облысында пара алған полицейге 4,8 миллион теңге айыппұл салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында пара алған полицейге 4,8 миллион теңге айыппұл салынады

Ақмола облысында пара алған полицейге 4,8 миллион теңге айыппұл салынады

[wpcode id="1694287"] Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкеріне ірі көлемдегі айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrin

  • 30 Маусым 2017
  • 294
Фото - Caravan.kz


Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкеріне ірі көлемдегі айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицей ауыр жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп айыпталды. "Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында Ақмола облыстық ІІД жол-патрульдік полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық қаралды. Іс материалдарына қарағанда жол-патрульдік полиция қызметкері Макинск қаласында Ж. есімді адамнан оны мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін 80 000 теңге пара алған", — деп хабарлады соттағылар. Сот үкімімен полицей ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпты деп танылды. Оған 4 800 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы атағынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
 

Соңғы жаңалықтар