Ақмола облысында полиция қызметкері екі адамды қағып өлтіріп, кейін өзі асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында полиция қызметкері екі адамды қағып өлтіріп, кейін өзі асылып қалды

Ақмола облысында полиция қызметкері екі адамды қағып өлтіріп, кейін өзі асылып қалды

Ақмола облысының Бурабай ауданында полиция қызметкері екі адамды өлтіріп, кейін өзі асылып өлді.

  • 14 Шiлде 2014
  • 500
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Бурабай кентінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, патрульдік жол полициясының қызметкері екі адамды соғып кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, зардап шеккен екі адам да сол жерде тілге келместен жан тәсілім еткен.  Ал соққан полиция қызметкері оқиға орнынан ізін суытқан.  Алайда, ол көп ұзамай асылып, өзіне қол салды.

Болған оқиғаны Бурабай аудандық ІІБ басшысының орынбасары Ербол Егінбаев  ҚазАқпарат тілшісіне растады. Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқан көрінеді.