Ақмола облысында қырғызстандықтар мінген автобус жолда қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында қырғызстандықтар мінген автобус жолда қалып қойды

Ақмола облысында қырғызстандықтар мінген автобус жолда қалып қойды

Жолаушыларды Астраханка ауылы мектебіне орналастырған

  • 25 Қаңтар 2018
  • 125
Фото - Caravan.kz


Ақмола облысында Қырғызстан азаматтары мінген автобус жолда қалып қойды, адамдар құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Астрахань ауданында Екатеринбург — Алматы тас жолының 114-километрінде қалааралық автобус тоқтап қалды.

ТЖД мәліметінше, автобус Джалал-Абад — Пермь — Мәскеу бағдарымен келе жатып, жолда сынып қалған. Ішінде 22 адам болыпты, бәрі Қырғызстан азаматтары екен. Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жолаушыларды Астраханка ауылының мектебіне орналастырды, сол жерде кісілерге жатын орын, ыстық тамақ ұйымдастырылған.

 

#Ақмола облысы #қырғызстандықтар
Соңғы жаңалықтар