Ақмола облысында сарбаз атылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында сарбаз атылып өлді

Ақмола облысында сарбаз атылып өлді

Ақмола облысы Степногорск қаласында сарбаз атылып өлді.

  • 22 Сәуiр 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"22 сәуірде сағат 7:30 шамасында № 3517 әскери бөлімінде (Степногорск қаласы) мерзімді әскери қызметтегі қатардағы Б.А. Рашев есімді сарбаз түзету мекесемінде қарауылда болған. Онда ол өзіне қарумен оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз алған жарақатынан қайтыс болды", — делінген хабарламада.

Бұл іс Ақмола гарнизоны бойынша әскери прокуратураға берілді.


"ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бұйрығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды. "Орталық" өңірлік қолбасшылығы оқиға орнына арнайы топ жіберді. Қызметтік тексерістің қорытындысы жарияланады", — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар