Ақмола облысында сиырын іздеп шыққан тұрғынның өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында сиырын іздеп шыққан тұрғынның өлі денесі табылды

Ақмола облысында сиырын іздеп шыққан тұрғынның өлі денесі табылды

Боранда сиырын іздеп шығып, адасып кеткен Ақмола облысының тұрғыны өлі табылды. 67 жастағы ақсақалды 1 апта бойы тәртіп сақшылары мен Қызылсая ауылының халқы іздеген болатын. 

  • 3 Қараша 2015
  • 256
Фото - Caravan.kz

Жалғыз тайыншасының соңынан шыққан Өміржан Қанапиянов ауылдан 5 шақырымға дейін ұзап кетіп, орман ішінде үсіп өлген. Ал сиыры жоғалды деген күні кешкілік өзі оралыпты. Ауылда байланыс болмаған соң туыстары оның жоғалғаны жайлы хабарды құтқарушыларға келесі күні берген екен. Бір көзінен айрылған, денсаулығы нашар ақсақал желмен ығып, жүре бергенге ұқсайды. Бүгін оны ауылдастары жер қойнына тапсырды.