Ақмола облысында тілсіз жау орманның бір бөлігін жойып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында тілсіз жау орманның бір бөлігін жойып жіберді

Ақмола облысында тілсіз жау орманның бір бөлігін жойып жіберді

Ақмола облысында күн күркіреп, қатты жел соғуы салдарынан, табиғи өрт шығып, өрт сөндірудің қиындығына байланысты өрт сөндірушілер орманның басым бөлігін сақтап қалу мақсатында бір бөлігін құрбан етуге шешім қабылдады, деп хабарлады Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 201
Фото - Caravan.kz

Өрт 5 қыркүйекте түстен кейін Құзған орман шаруашылығы "Кенесское" орман қожалығы аумағында шыққан. Күн күркіреп, найзағай ойнауы салдарынан, құрғақ шөп тұтанып, жалын орман массивін алып кеткен. Қатты жел өрттің одан сайын лаулап жануына себеп болады. Орман күзеті жұмысшыларына көмекке Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күштері келеді.

Өңірдің Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысы Алексей Советовтың өзі өртті сөндіруге басшылық жасады.


Тез арада шара қолданылып, тілсіз жау шеңбермен қоршалып, сөндірілді. 

Өрттің бастапқы аумағы 40 га орманды құрайды. 

 

Соңғы жаңалықтар