Ақмола облысында түрмедегі азаматтың асқазанынан телефон табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында түрмедегі азаматтың асқазанынан телефон табылды

Ақмола облысында түрмедегі азаматтың асқазанынан телефон табылды

Ақмола облысында түрмедегі азаматтың асқазанынан ұялы телефон табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

  • 17 Қаңтар 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сүйенсек, билік өкіліне қатысты қылмыстық әрекеттері үшін сотталып, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/18 мекемесіне жеткізілген Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан рентген-жабдықтар арқылы өту кезінде тыйым салынған зат бар екені анықталды. Сотталушы ұялы телефон қалтасында емес, асқазанында екенін айтты.

"Рентген сотталушының асқазанында ұзындығы 6 см «Nokia» телефонынан басқа, қолданыстағы SIM картасы да бар екенін көрсетті. Қазіргі кезде, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", — дедід департаменттің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.


Соңғы жаңалықтар