Ақмола облысында үйден үш адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында үйден үш адамның мәйіті табылды

Ақмола облысында үйден үш адамның мәйіті табылды

Үйде болған тағы бір ер адам терезе арқылы шығып, аман қалған

  • 2 Наурыз 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

 Ақмола облысында өрт шыққан үйде үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 наурызда Бұланды ауданының Купчановка ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды. Жалын 81 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер келген кезде өрт үйге толықтай жайылған.

"Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынада 1976 жылы және 1987 жылы туған екі әйелдің, 1994 жылы туған ер адамның денесі табылды", — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Үйде болған тағы бір ер адам терезе арқылы шығып, аман қалған. Өрт сөндірушілерді де сол шақырған.


"Алдын ала ақпарат бойынша үйдің иесі – 1976 жылы туған әйел үйде достарымен бірге ұлының кәмелетке толғанын атап өткен. Шақырылған қонақтар үй иесімен бірге қайтыс болды", — деп хабарлады құтқарушылар.

Артынша өрт шығып, санаулы уақытта үйге толық жайылған. Өрт 03:10-да ауыздықталып, 04:55-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД 11 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталады. Сот-медициналық

Соңғы жаңалықтар