Ақмола облысында жол апаты кезінде полиция қызметкері және сәби қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жол апаты кезінде полиция қызметкері және сәби қаза болды

Ақмола облысында жол апаты кезінде полиция қызметкері және сәби қаза болды

Ақмола облысында жолда көліктің аударылуы салдарынан жүргізуші мен алты айлық сәби қаза болды,

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Ақпаратқа қарағанда, жол апаты сәрсенбіде кешке Алматы-Екатеринбор жолының 1027 шақырымында Атбасар қаласынан 35 шақырым жерде болған.

Ақмола облысы ішкі істер департаментінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы взводының кіші инспекторына тиесілі "Опель Вектра" кюветке түскен, домалақ тіреуіші істен шыққан сыңайлы.

Апат салдарынан жүргізуші- полиция қызметкері және сәби қаза болған.Үш адам, оның ішінде жеті жастағы ұл бала ауруханаға жеткізілді.