Daewoo Espero көлігін жүргізіп келе жатқан Ақкөл аудандық ауруханасының медбикесі бұрылыста артынан келе жатқан Ресей азаматының «Газель» көлігін байқамаған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аймақ полициясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көліктердің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктегі 56 жастағы мұғалім қайтыс болған. Жеңіл көлікте болған тағы үш жолаушы жарақат алып ауыр хәлде ауруханаға түсті.
Апат кеше Астана-Петропавл жолында болған.