«Негізінен ауыл шаруашылығымен айналасытын және тұрғындарының 52 % ауылдық жерде шоғырланған Ақмола облысы үшін әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерінің шешілгені, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жақсарту өте маңызды. Осыған орай бірқатар бағдарламалар қабылданып, олардың жүзеге асырылуы барысы жайлы мен Елбасыға баяндап бердім,-деді М.Есенбаев кездесуден кейін болған брифингте.
«Сонымен қатар, президенттің тапсырмасына сәйкес біз үкіметпен бірлесіп Шортанды-Бурабай демалыс аймағын дамытуға кірісеміз»,-деді әкім.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті