Ақмола облысының астық тұрақтандыру қорының 72,7 пайызы құрылған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының астық тұрақтандыру қорының 72,7 пайызы құрылған

Ақмола облысының астық тұрақтандыру қорының 72,7 пайызы құрылған

Көкшетау. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының астықты тұрақтандыру қорына бүгінгі күнде 25,5 мың тонна астық, немесе жоспарланған 35 мың тонна астықтың 72,7 пайызы келіп түскен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақмола облысының ауылшаруашылық департаментінен хабарлады.

  • 9 Қазан 2007
  • 572
Фото - Caravan.kz

Ауылшаруашылық департаменті директорының орынбасары Серік Жамбеталиннің хабарлауынша, астық тұрақтандыру қоры 15-қазанға дейін құрылып бітеді. Тұрақтандыру қорына 3-ші сұрыпты бидай белгіленген баға бойынша бір тоннасын 205 АҚШ долларымен қабылдануда.

Сондай-ақ ауылшаруашылық департаментінен хабарлағандай, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілер, Целиноградск аудандары облыстық тұрақтандыру қорына жоспарланған көлемді тапсырып қойған.

Бүгінгі күнде Көкшетау қаласы мен Красный Яр аулындағы нан бағасы тұрақтанып келеді. Қазір 11 дүкеннің сөрелерінде «Қазақстан» нанының бір бөлкесі 40 теңгемен сатылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті