Ақмола облысының диқандары биылғы астыққа қатысты болжам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының диқандары биылғы астыққа қатысты болжам жасады

Ақмола облысының диқандары биылғы астыққа қатысты болжам жасады

Ақмола облысының диқандары егінге орақ салды.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 614
Фото - Caravan.kz

Ауыл шаруашылық басқармасы жетекшісі Аманбек Қалжановтың айтуынша, аймақта жаппай жиын-терім науқаны 5-6-қыркүйекте басталады.

Биыл нөсер жауын салдарынан астық кеш пісті. Соған қарамастан облыс диқандары биыл кем дегенде 5 млн тонна астық жинап алуды жоспарлап отыр. Былтыр қамбаға 4,7 млн тонна астық құйылған болатын, дейді аман.

Оның сөзіне сүйенсек, аймақта 58 жаңа диірмен биылғы астықты қабылдауға сақадай сай. Олар 3,8 млн тонна астық қабылдай алады. Ал, шаруашылықтардың өздерінде сыйымдылығы 3,8 млн тонналық қоймалар бар.