Ақмола қазақ музыкалық-драма театры Украинада өткен халықаралық фестивальда жеңімпаз атанды
Шахмет Құсаинов атындағы Ақмола қазақ музыкалық-драма театры Украинада өткен 13-ші халықаралық «Боспорские агоны» фестивалінде жеңімпаз атанды. |
«Біздің ұжым көрсеткен Альбрер Камьюдің «Калигула» қойылымы «урамен» қабыл алынды», - деді Ақмола театрының директоры Қазы Қусанов.
Оның айуынша, фестивальде 10 театр ұжымы, оның ішінде Болгариядан, Мәскеулік атақты «На малой Бронной» театры, украиндық театрлар қатысты.
Ол сондай-ақ, фестиваль жюриі «олардың қазақша білмегені актерлердің талантты ойынын жақсы қабылдауға кедергі болмай, спектакль оларды баурап алғанын» атап өтті деді.
Театрға ең жоғарғы номинациялардың бірі - «классиканы лайықты орындағаны үшін» номинациясын тапсырды. «Қазақстан бұл фестивальде алғаш рет өз өнерін көрсетіп отыр, және біз, егер спорт терминімен айтар болсақ, еліміздің абройын лайықты қорғай білдік», - деді Қ. Қусанов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін