Ақмола қазақ музыкалық-драма театры Украинада өткен халықаралық фестивальда жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола қазақ музыкалық-драма театры Украинада өткен халықаралық фестивальда жеңімпаз атанды

Ақмола қазақ музыкалық-драма театры Украинада өткен халықаралық фестивальда жеңімпаз атанды

Шахмет Құсаинов атындағы Ақмола қазақ музыкалық-драма театры Украинада өткен 13-ші халықаралық «Боспорские агоны» фестивалінде жеңімпаз атанды.

  • 17 Маусым 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Біздің ұжым көрсеткен Альбрер Камьюдің «Калигула» қойылымы «урамен» қабыл алынды», — деді Ақмола театрының директоры Қазы Қусанов.

Оның айуынша, фестивальде 10 театр ұжымы, оның ішінде Болгариядан, Мәскеулік атақты «На малой Бронной» театры, украиндық театрлар қатысты.

Ол сондай-ақ, фестиваль жюриі «олардың қазақша білмегені актерлердің талантты ойынын жақсы қабылдауға кедергі болмай, спектакль оларды баурап алғанын» атап өтті деді.

Театрға ең жоғарғы номинациялардың бірі — «классиканы лайықты орындағаны үшін» номинациясын тапсырды. «Қазақстан бұл фестивальде алғаш рет өз өнерін көрсетіп отыр, және біз, егер спорт терминімен айтар болсақ, еліміздің абройын лайықты қорғай білдік», — деді Қ. Қусанов.

Соңғы жаңалықтар