Ақмола тұрғыны айдаладан 6 мина мен 5 граната тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола тұрғыны айдаладан 6 мина мен 5 граната тауып алды

Ақмола тұрғыны айдаладан 6 мина мен 5 граната тауып алды

Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды тауып алды.

  • 6 Сәуiр 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан.

Сосын бірден полицияға хабарлаған. Жедел тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты.

Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығуға арналғаны және өмірге қауіп төндірмейтіні белгілі болды.

photo

 

Сондай-ақ полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар таппаған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар