Ақмолада әлемдегі ең үлкен кәуап қалай дайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмолада әлемдегі ең үлкен кәуап қалай дайындалды

Ақмолада әлемдегі ең үлкен кәуап қалай дайындалды

Астанадан 200 км орналаскан Макинск қаласында жаңа құс фабрикасының ашылуына орай әлемдегі ең үлкен кәуап әзірленді.

  • 30 Қыркүйек 2018
  • 37
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Вaq.kz хабарлайды.

Тауық етінен ұзындығы 222 метр, ені 67 см, салмағы 450 кг болатын кәуап жасалып, әлемдік рекорд жаңарды. Гиннес кітабына кіру ережесі мен сәйкестігін Лондоннан келген қонақтар тексеріп отырды.

Кәуапты дайындауға жаңа фабриканың 300-ге жуық қызметкері атсалысты.

Естеріңізге сала кетсек, Астанадан 200 км қашықтықта орналасқан Макинск қаласында (Ақмола облысы) өндірістік қуаты жылына 25 мың тонна құс етін өндіретін фабрика ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Мәскеудің Талдом қаласында осыдан бір жыл бұрын ұзындығы 210 метр, салмағы 290 кг құрайтын кәуап дайындалып Гиннес кітабына енген болатын.


Соңғы жаңалықтар