Ақмолада жарысқа аттанған кішкентай хоккейшілер үсіп қала жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмолада жарысқа аттанған кішкентай хоккейшілер үсіп қала жаздады

Ақмолада жарысқа аттанған кішкентай хоккейшілер үсіп қала жаздады

Ақмола облысында кішкентай хоккейшілерді жарысқа апармақ болған автобус жолда бұзылып, жолаушылары үсіп қала жаздады. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде жетіп, "Торпедо" хоккей клубының ойыншыларын қауіпсіз жерге жеткізді.

  • 25 Қараша 2016
  • 521
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Жас спортшылар Өскеменнен Рудный қаласына қарай бет алған екен. Жолда автобустың дөңгелегі істен шыққан. Оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолының 939-шы шақырымында орын алды деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Автобуста барлығы 21 адам болған. Олардың 17-сі жасы 12-13 аралығындағы балалар.

"Құтқарушылар автобусты жөндеуге көмектесті. Әкімшілікпен бірлесе жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды", — дейді ТЖД мамандары.


Автобус жөнделгеннен кейін хоккейшілер жарысқа аттанып кетті. Олар жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан біріншілігіне қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар