Жарияланды: 340

Ақпарат министрі реалити-шоуға қатыспақ

Ақпарат министрі реалити-шоуға қатыспақ Сурет - qamshy.kz

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты «24 сағат табиғат құшағында» реалити-шоуына қатысуға шақырды. Ұсыныс ұлттық телеарнаның жаңа маусымындағы жоба тұсаукесерінде айтылды.

Телерадиокешен басшысының шақыртуын министр ілтипатпен қабыл алды. Ол бұл ретте мұның өзі үшін жаңа тәжірибе болатындығын, жобадағы түсірілімге уақыт бөлу мәселесін шешу керектігін баса айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«24 сағат табиғат құшағында» реалити-шоуына қатысуға шақырту түсті. Әрине, мен дайынмын. Менің қолымнен келеді деп сенемін. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болмақ. Алайда барлығы уақытқа байланысты. Мен жобаның қыркүйек-қазан айларында жүргізілетін түсірілімдеріне тап болғанды қалаймын. Егер оған мүмкіндік болмаса, онда желтоқсандағы түсірілімдерді күтуге тура келеді», - деді Д. Абаев.

«24 сағат табиғат құшағында» экшн реалити-шоуы Қазақстанның сұлу табиғатын көрермендерге таныстырады.Түсірілім еліміздің 14 облысында болғандықтан, соған сәйкес сонша бағдарлама шығарылымы болмақ. Айта кетейік, «24 сағат табиғат құшағында» - «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін