Ақпарат құралдары Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат құралдары Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын хабарлады

Ақпарат құралдары Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын хабарлады

«Ферғана» және Өзбекстан халық қозғалысының сайттары Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің кеше түстен кейін қайтыс болғанын хабарлады. Бірақ осы ақпаратты президент аппаратындағы дерек көзі теріске шығарды.

  • 30 Тамыз 2016
  • 817
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «РИА Новости» жазып отыр. Дерек көзінің айтуынша, мұндай мәлімет шындыққа жанаспайды. «Президент ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақты» дейді дерек көзі. Ал қайтыс болғаны туралы хабарлаған сайттар дәл қазір ашылмай тұр.

Естеріңізге сала кетсек, 78 жастағы Ислам Кәрімов өткен сенбіде миына қан құйылып, ауруханаға жеткізілген еді.


Соңғы жаңалықтар