Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астаналық ерікті жастармен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астаналық ерікті жастармен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астаналық ерікті жастармен кездесті

20-21 маусым күндері Астана қаласында Халықаралық волонтерлар форумы өтеді.

  • 31 Мамыр 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Алдағы форумға байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астаналық ерікті жастармен кездесті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы бастама көтерген еді. Осыған орай жылда елордада волонтерлер бас қосады. 

Жалпы ағайын боп асарлатып, ұлт болып үме жасау, жұрт болып жұмылу қанымызда бар қасиет. Сондықтан осы жолғы жиынның бас сөзі "Тектегі ізгілікті оят" деп алынуының өзі тегін емес", — деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында. 


Сондай-ақ министр айтулы шараға  алыс-жақын шет елдерден делегаттар қатысатынын айтты.

"Форумның дайындық жұмыстарына Қазақстандағы БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасының өкілдігі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығы, "Ұлттық волонтерлік желісі" және басқа да волонтерлік және халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынаста атсалысуда. Алыс-жақын шет елдерден, еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатыспақшы",- делінген жазбада. . 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр