Жарияланды: 550

Ақсай қаласында жаңа бизнес-жобалар жүзеге асырылмақ

Ақсай қаласында жаңа бизнес-жобалар жүзеге асырылмақ

Ақсай қаласында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша мемлекеттік гранттарды бөлуге биыл 10 млн. теңге қарастырылды.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аймақтық үйлестіру кеңесі осы кезге дейін екі байқау өткізіп, алты ұсынымның ішінен 8,5 млн. теңгеге төрт жеңімпазды анықтады. Солардың бірі педиатр кабинетін ашып, тірек-қимыл аппаратын коррекциялау бойынша жаңа инновациялық технологияны енгізуді көздейді. Екінші жоба жаңа туылған нәрестелер үшін тоқыма бұйымдарын және мектеп жасындағы балаларға арналған киім тігетін шағын цех қызметін кеңейте түсуге бағытталған. Үшінші жобаны қолға алғандар анти-кафені ашып, жастардың бос уақытын мәнді өткізіп, балалар үйлері түлектері мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуды жүзеге асырмақ. Төртінші жоба бойынша облыста тұңғыш рет мобильді кинотеатр ашылмақ. Бұл кинотеатр 3D-форматта фильмдер мен мультфильмдерді қаламен қатар ауылдық жерлерде де көрсете алады.

Аталған жобалар жаңадан 13 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Ал қалған 1,5 млн. теңгеге үшінші байқау өткізілмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін