Жарияланды: 2300

«Ақсақалдан қазір шарап ішкен шал көп».Төреғали Төреәлінің белгісіз қарияға арнаған әні тарап жатыр

«Ақсақалдан қазір шарап ішкен шал көп».Төреғали Төреәлінің белгісіз қарияға арнаған әні тарап жатыр Сурет - stan.kz

 

Жуырда ғана басы дауға қалған Төреғали Төреәлінің тағы бір әні желіге тарап жатыр. Әйтседе, көпшілік ондағы сөздерге қарап туынды Павлодардағы әлгі қарияға арналған деп болжауда. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады

Ән «Ақиқат» деп аталады. Ал мәтіндегі қарияға арналған деген сөздер мына тұсы болса керек:

Ақсақалдан қазір шарап ішкен шал көп.

Сөздерінде мән жоқ, көздерінде шам жоқ

Көретіндей кино, тыңдайтын ән жоқ

Дүдәмалдау дінім, дүмше молда пірім

Жау көреді қалай қазақ бірі бірін .....

Бұған қоса мәтін ішінде төмендегідей де өлең жолдары кезігеді:

Бір адамдар шықты, жүректері түкті,

Батырларға әлсіз, әлсіздерге мықты.

Дегенмен аталған ән бұдан бірнеше жыл бұрын шыққан және Павлодардағы қарияға еш қатысы жоқ. Тек сол оқиғаға сәйкес тұсы болғандықтан қазір қайта тарай бастады. Бұған қоса әнде сырға таққан ұлдар мен арын сатқан қыздар, тастанды бала, елдегі әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдағы келеңсіздіктер сөз болған. Әйтседе, пікір қалдырған көпшілік болса "ақсақалымен әлі күнге дейін алысып жүрегеніңе ұялмайсың ба" деген мағынада сыни пікірлер айтқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін