АҚШ билігі Сирия армиясы жаңа химиялық қару жасап жатыр деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ билігі Сирия армиясы жаңа химиялық қару жасап жатыр деп есептейді

АҚШ билігі Сирия армиясы жаңа химиялық қару жасап жатыр деп есептейді

АҚШ билігі Сирия үкіметі жаңа химиялық қару жасап жатыр әрі оны қолдануы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл жөнінде Reuters және Associated Press агенттіктерінің құпия дереккөздері хабарлаған.

  • 2 Ақпан 2018
  • 354
Фото - Caravan.kz

Ондағы мәліметке қарағанда, өзінің аты-жөнін жасырған шенеунік АҚШ билігі Сирия президенті Башар Асад режимі мерзімді түрде химиялық қаруды қолданып келеді деп қауіптенетінін хабарлаған.

Бұл жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамп химиялық қаруға қарсы жауап ретінде әскери іс-қимыл жасауы мүмкін.

Сарапшылар пікірлеріне қарағанда, Сирияда химиялық қару соңғы алты жылда 30 рет қолданылған. Атап айтқанда былтыр Хан-Шейхунда (Идлиб провинциясы) болған әуе соққыдан уланған ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Башар Асад режимі болса, мұны жоққа шығарып келеді.


Соңғы жаңалықтар