"Соғыстан кейінгі дәуірден бері 65 жыл бойы келе жатқан Бреттон-Вудских келісімдері негізіндегі жүйе ескірді. 70 жыл ішінде әлем алға ілгерледі, мүлдем жаңа технологиялар орын алуда, ал қаржылық сәулет сол қалпында қалып қалды. Біз бәріміз де дүниежүзінде бір валюта- долларға тәуелдіміз", деді президент жұмада VII Астаналық экономикалық форумның пленарлы отырысы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция барысында.
"Доллар болса, жұмыс істейміз. Барлық жерде де доллар. Бұл қағаз долларлар АҚШ экономикасын қоректендіріп отыр. Жасап отырған бүкіл транзакцияларымыз Нью-Йорк арқылы өтеді.АҚШ осы проблеманы өзі ойлануға тиіс, ұсыныс енгізсе, әлемге жаңа жағдайға орай жаңа жолдар ашса", деді ол.
Сонымен қатар президент бұл оңай емес, деп айтты.
"Бұл әлемнің жетекші еліне оңайға соқпайды, тұтас алғанда Батысқа оңай емес, бірақ байқап отырсыздар, біз ұдайы түбіне қарай жылжып келеміз. Біз талқылап жатырмыз, ұсынып жатырмыз, бірақ түбі шешілмей отыр", деді ол. Оның пікірінше, қазір оны шешудің бірнеше жолы қарастырылып отыр, бірақ олардың көпшілігі тиімсіз екендігін көрсетті.
"Валюталар қоржыны көбейіп отыр, жаңа ұйымдар құруылуда, бірақ ол да көмектеспей отыр. Біз санап көрдік, 8 не 20 мемлекет емес, әлемнің мемлекеттері атсалысуға тиіс, сонда ғаламдық жиында артынан қаралуға тұрарлық идея туындайды," деді президент.