АҚШ ғалымдары оқушының партада көп отыруына қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ ғалымдары оқушының партада көп отыруына қарсы

АҚШ ғалымдары оқушының партада көп отыруына қарсы

Техастағы (АҚШ) A&M университеті ғалымдары мектеп оқушылары отыратын парталарды сүйеніп тұратын «конторкаға» ауыстыру керек деген ұсыныс айтты. Олардың пікірінше,

  • 29 Сәуiр 2015
  • 702
Фото - Caravan.kz

бала сабақты тез қабылдап, сергек болуы үшін көп отырмай, түрегеп тұруы керек. Осыны анықтау үшін АҚШ ғалымдары 2-4 сынып оқушыларынан 300 бала қатысқан зерттеу жұмысын жүргізді, деп жазады The Daily Mail. 

Жаңа зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, сабақта түрегеп тұрған оқушының белсенділігі отырғанға қарағанда 12 пайыз жоғары екенін көрсетті. Олар сабаққа сергек қатысып, мұғалім сұрақтарына ықыласпен жауап берген. 


Сонымен қатар, бұған дейін ғалымдар сүйеніп тұратын парталардың бала денсаулығына да пайдасы бар екенін нақтырақ айтқанда, «семіздік» ауруының алдын алатынын айтқан. Олардың айтуынша, түрегеп тұрған баланың ағзасында колория 15 пайызға дейін белсенді тарайды.