АҚШ коронавируспен күреске 6 трлн доллар бөлмек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ коронавируспен күреске 6 трлн доллар бөлмек

АҚШ коронавируспен күреске 6 трлн доллар бөлмек

Дүниежүзінде короновирус жұқтырғандар саны 424 мыңнан асты.

  • 25 Наурыз 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Хабар 24— ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаһанның 180 елінен анықталған COVID-19-дан 19 мыңға жуық науқас қайтыс болған. Ал, бір ғана Нью-Йорк штатында коронавирусты 15 мың адам жұқтырыпты. Бұл қала мэрі Билл де Блазионың мәліметі. Жағдайдың ушығуына байланысты індетпен күрес координаторлары «бұл штаттың тұрғындары карантинге жабылуы керек», дейді. Ал, ел президенті Дональд Трамптың өз мұңы бар. Ол ел экономикасы тұралап қала ма деген қауіппен америкалықтарды жұмысқа шығуға шақырып отыр.

АҚШ-та күн санап эпидемия өршіп барады. Бүгін коронавирустан көз жұмғандар саны 703-ке жетіп отыр. Ал, 54 800 адам қауіпті кеселді жұқтырып алған. Құлан таза айыққандардың саны 370 қана. КОвИд-19 көбінесе Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Вашингтон, Мичиган, Иллинойс және Флорида шттатарында тіркелген. Өлім-жітім Нью-Йоркта көп. Онда вирус 210 адамның өмірін жалмаған. Осыған байланысты Ақ Үйдің коронавируспен күрес жөніндегі координаторы жақын күндері бұл штатта болған тұрғындарды 14 күндік карантинге шақырды.

Нью-Йорк және оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына алаңдап отырмыз. Себебі, бұл өңір вирустан қатты зардап шегіп отыр. Өлім-жітім көп. Сондықтан соңғы күндері осы маңайда болған тұрғындар өз беттерімен 14 күндік карантинде болуын сұраймыз. Себебі вирусты жұқтырып алулары мүмкін. Карантин арқылы жаппай жұқтырудың алдын аламыз, — деді Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі координаторы Дебора Биркс


Бұл арада АҚШ пандемиямен күрес жолында 6 триллион доллар бөлуге дайын екендігін айта кетейік. Бұл елдің ішкі жалпы өнімінің төрттен бірін құрайды. Егер Сенат бұл бастаманы қолдаса, қаражат әрбір отбасыға 3 мың доллардан бөлінуге, әуе компаниялары мен шағын және орта бизнеске көмек көрсету үшін жұмсалмақ. Ал, ел ерезиденті Дональд Трамп болса, Пасха мерекесіне қарай, яғни 12 сәуірден кейін шекараны ашқысы келетінін айтты. Сондай-ақ өндірісіті қайта іске қосып, тұрғындарды жұмыс істеуге шақырды.

Америка жақын күндері бизнес үшін есігін қайта ашады. Ол үш-төрт айға созылмауы керек. Ия, жұқпалы аурудан қаншама адам ажал құшып жатыр. Дегенмен, егер экономикалық дағдарысқа тап келсек, құрбандар саны вирустан да екі еселенбек. Сол үшін Пасха мерекесіне қарай өндіріс іске қосылса дұрыс болар еді, деді АҚШ президенті Дональд Трамп,

Калифорния штатында коронавирус салдарынан донорлық қан тапшы болып отыр. Медицина қызметкрелерінің айтуынша, бірнеше топтың қоры тек бес күнге жетеді. Осыған байланысты америкалық Қызыл крест тұрғындарды қан тапсыруға үгіттеп жатыр. Айта кетейік, коронавирус қан құю арқылы адамнан адамға жұқпайды.

 

Соңғы жаңалықтар