АҚШ мемлекеттік департаменті КО лидерлерінің Порошенкомен кездесуін қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ мемлекеттік департаменті КО лидерлерінің Порошенкомен кездесуін қолдайды

АҚШ мемлекеттік департаменті КО лидерлерінің Порошенкомен кездесуін қолдайды

АҚШ мемлекеттік департаменті Кеден одағы мемлекет басшыларының Украина президентімен және Еурокомиссия өкілдерімен кездесу идеясын қуолдайды , -

  • 20 Тамыз 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

деп Мемлекеттік департамент өкілі Мари Харф мәлімдеді.

«Біз диалог керек деп есептейміз, сондықтан бұл жақсы сәт, өйткені Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу керек», — деп ол қысқаша баспасөз мәслихатында кездесу туралы мәліметке түсінік беру туралы өтінішке берген жауабында атап көрсетті.

М.Харфтың айтуынша, Вашингтонға Ресей сөзін әрекетімен мықтағанын көру қажет.

«Бұл кездесу қандай нәтиже беретінін көреміз», дейді ол.

Бұрын хабарланғандай, 26 тамызда Минскіде Кеден одағы елдері басшыларының Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуі өтеді. Оған Еуропалық комиссия өкілдері қатысады. Кездесуге Ресей президенті Владимир Путин қатысады.


Мемлекеттік департамент өкілі қазіргі кезде Вашингтон Ресейге қарсы қосымша санкция енгізуі мүмкін бе, жоқ па екені туралы айтуға дайын еместігін мәлімдеді.