Жарияланды: 450

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстан, Қырғызстан,  Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан елдеріне келуге ниет білдірді.

Бұл туралы 27 қазан күні журналистермен өткен брифинг  барысында АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысы Джон Кирби мәлімдеді, деп жазадыТАСС.  

«Мемлекетті хатшы әр елдің үкімет  өкілдерімен екіжақты келіссөздер өткізу үшін Бішкек, Смарқанд, Астана, Душанбе және Ашхабадқа барады. Бұл - Мемхатшы Керридің Орталық Азияға жасап отырған алғашқы сапары», - деп мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінің сөзін келтірді  РИА Новости.

АҚШ Мемхатшысы Бішкекте Америка университетінің жаңа кампусын және АҚШ елшілігінің бір ғимаратын ашады. Самарқандта Керри С5+1 аталатын бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Ал Астанада стратегиялық серіктестік аясында өтетін АҚШ-Қазақстан Диалогы отырысына қатысады. Ашхабад пен Душанбеде екі жақты ынтымақтастық мәселелер талқыланады.

Керри Орталық Азияға Венада 29 қазан күні өтетін Сирия бойынша келіссөздерге қатысқаннан кейін барады деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін