Жарияланды: 3600

АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытай мен Ресейден абай болуға шақырды: Қазақстан туралы ресейлік БАҚ не жазуда?

АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытай мен Ресейден абай болуға шақырды: Қазақстан туралы ресейлік БАҚ не жазуда? Сурет - Eadaily.com

Қазақстан туралы ресейлік БАҚ не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы әдеттегідей ресейлік басылымдарға көз жүгіртіп, көршілес елдің БАҚ-ның Қазақстан туралы, қазақтар жайлы не жазып жатқанына шолу жасап көрді.

Сириядағы жауынгерлердің басым көпшілігі қазақтар

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2 ақпанда қазақстандық әріптесімен екіжақты кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанды Сирия мен Ирактан соғысушылар мен олардың отбасылары көбінесе Қазақстаннан қайтады.

Бұл жайлы Rossaprimavera.ru басылымы хабарлайды.

Помпео сонымен қатар, Сириядағы жауынгерлерінің басым көпшілігі қазақстандықтар екенін атап өтті.

Дипломат Қазақстанға Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу процесінде АҚШ-ты қолдағаны үшін алғыс айтты.

Пампео Қазақстанға Қытай мен Ресейден абай болуға шақырды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтандағы іссапары кезінде баспасөз конференциясында Қытай мен Ресейдің инвестициялары мен ықпалына сенбеуге шақырды, деп хабарлайды “Красная весна” басылымы.

Помпео Қазақстанды АҚШ-қа қосылып, өзінің қуатты шығыс көршісіне қарсы шығып, «адам құқығын қамтамасыз етудің маңызды мәселесін» шешуге шақырды.

Сондай-ақ, Помпео реформаларды жалғастыруға шақырып, АҚШ-тан инвестиция түсетініне уәде етті.

АҚШ мемлекеттік хатшысының пікірінше, Қытай мен Ресейден алынған инвестиция “Егемендіктен айырылуға” жол береді.

Еуропадағы ең арзан бензин – Қазақстанда

2020 жылдың нәтижесі бойынша Ресей Еуропадағы ең арзан бензин жағынан екінші орында.

Ресей октандық рейтингі 95, литрі 45,8 рубль болатын бензиннің төмен құны бойынша Қазақстаннан кейінгі орында.

Бұл туралы Kommersant.ru басылымы хабарлайды.

Бірінші орында Қазақстан 95-ші бензиннің бағасы 27,7 рубль тұрады.

Бензин арзан тұратын Еуропадағы 5 ел:

Қазақстан (27,7 рубль),

Ресей (45,8 рубль),

Беларусь (51 рубль),

Украина (71,8 рубль),

Румыния (75,4 рубль).

Қазақстанда «ВКонтакте» өкілдігі ашылды

ВКонтакте сайты - Қазақстанда өкілдік ашылатындығын хабарлады. Алдағы уақытта елде өзіндік жаңалықтар лентасы пайда болады, онда дарынды авторлар мен елдің маңызды оқиғалары туралы баяндалады.

Бұл туралы News.ru хабарлайды.

Өкілдікті Олжас Салмурза басқарды, ол бұрын Tengrinews.kz жаңалықтар порталының SMM-редакциялық бөлімін басқарған және Yvision.kz платформасында редакторлармен және блогерлермен жұмыс жасаған.

Бірінші кезеңде жаңа топ бірлескен жобалар құру және мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу үшін жергілікті БАҚ-пен және авторлармен өзара жұмыс жасауға кіріспек.

Компанияның мәліметінше, ВК Қазақстандағы ең танымал ресурстардың бірі болып саналады: оны 7,2 миллион жергілікті тұрғын пайдаланады.

Бұған дейін NEWS.ru «ВКонтакте» 2019 жылы платформада әлеуметтік желіден балалар үшін қауіпті 7 миллионнан астам мазмұнды алып тастағанын хабарлаған. Ондағы жазбалар мектептердегі суицид немесе зорлық-зомбылықты насихаттауға байланысты болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін