АҚШ пен ҚР арасындағы диалог қазіргі заманғы сын-қатерлерді еңсерудегі ортақ көзқарас пен ұстанымның дәлелі болып табылады - Б.Обама - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ пен ҚР арасындағы диалог қазіргі заманғы сын-қатерлерді еңсерудегі ортақ көзқарас пен ұстанымның дәлелі болып табылады - Б.Обама

АҚШ пен ҚР арасындағы диалог қазіргі заманғы сын-қатерлерді еңсерудегі ортақ көзқарас пен ұстанымның дәлелі болып табылады - Б.Обама

Осыдан бір жыл астам уақыт бұрын - 2013 жылдың 21 маусымында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан хат келгені ел есінде.

  • 1 Шiлде 2014
  • 746
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы сол кезде қазақстандық БАҚ-тың алды болып Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған еді.

Өз хатында Б.Обама Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап екі ел арасындағы қарым-қатынастардың серпінді дамуына Нұрсұлтан Назарбаевтың сүбелі үлес қосқанын атап өткен.

«АҚШ пен Қазақстан арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы диалог қазіргі заманғы сын-қатерлерді еңсеруде ортақ көзқарас пен ұстанымның дәлелі болып табылады. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру ісіндегі берік ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздердің елдеріңіздің көмегі ауғандықтар өмірін жақсартуға және осы елдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық күштердің тиімділігіне оң ықпал етеді», — делінген хатта.

Б.Обама Қазақстан Президентін Америка әскери бөлімшелерінің шығарылуы қарсаңында Америка Құрама Штаттары Ауғанстандағы және бүкіл өңірдегі іске алдағы уақытта да кеңінен қатыстырылатынына сендіреді. Ол екі мемлекеттің Ауғанстан халқының өсіп-өркендеуіне жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, теріс пиғылды күштердің ешқашан бұл елден баспана таба алмауына бірдей мүдделі екенін атап өткен.

АҚШ Президенті ядролық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау мәселесі оның әкімшілігі үшін басымдылық болып аналатынына тоқталды. Бұл тұста, АҚШ басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның, Америка Құрама Штаттарының және бүкіл әлемнің қауіпсіздігінің оң нәтижесін қамтамасыз еткен осы бағыттағы көшбасшылығы үшін өз ризашылығын білдіретінін атап өткен. Сондай-ақ, Б.Обама Иран ядролық бағдарламасы мәселесі жөніндегі «5+1» форматында келіссөздерді ұйымдастырудағы және жүргізудегі Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалаған.


Б.Обама Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін қоса, саяси және экономикалық жаңғырту мәселелерінде Америка Құрама Штаттарының нақты қолдауына ие болатынын атап өткен. Бұл ретте ол демократиялық даму және транспарентті нарықтық экономика екі ел арасындағы ұзақ мерзімді тұрақтылыққа және берік достыққа нақты кепіл болып саналатыны туралы пікір білдірген.

Хат соңында АҚШ Президенті екіжақты күн тәртібінде белгіленген және өзге де көптеген мәселе жөніндегі екі елдің одан арғы жемісті ынтымақтастығына сенім артқан.