АҚШ қаржы министрлігі цифрлық доллар әзірлеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ қаржы министрлігі цифрлық доллар әзірлеп жатыр

АҚШ қаржы министрлігі цифрлық доллар әзірлеп жатыр

АҚШ Қаржы министрлігі орталық банктің цифрлық валютасын жасауға көмектесетін технология бойынша жұмыс істеп жатыр.

  • 2 Наурыз 2023
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ қаржы министрінің орынбасары Нелли Лян сәрсенбі күні цифрлық валютаны енгізу бойынша Байден әкімшілігінің жоспары туралы жаңа ақпарат ұсынды.

АҚШ Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) Конгресс рұқсат берсе, қарапайым доллармен бірге пайдаланатын цифрлық доллар шығару мәселесін қарап жатыр.

Қазіргі уақытта заң шығарушылар мен саясаткерлер осы бастаманы талқылауда. Оған Қазынашылық, ФРЖ және Ақ үй ведомствосы, Экономикалық консультанттар кеңесі, Ұлттық экономикалық кеңес және Ғылыми-техникалық саясат басқармасы қатысып жатыр. Қазіргі таңда жұмыс тобы құрылды. Оның ұсынысы АҚШ-та цифрлық долларды енгізу бойынша саяси шешім қабылдауда маңызды рөл ойнайды.


Соңғы жаңалықтар