АҚШ Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 9 мың ауғанды паналатуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 9 мың ауғанды паналатуды сұрады

АҚШ Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 9 мың ауғанды паналатуды сұрады

АҚШ Орталық Азияның үш еліне - Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына "Талибанға" қарсы күресте Америка армиясына көмектескен 9 мыңға жуық Ауғанстан азаматын өз жеріне уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюға өтініш айтты.

  • 3 Шiлде 2021
  • 153
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Вloomberg басылымының деректері бойынша, келісім Америка мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты орнату жөніндегі ірі мәміленің бір бөлігі болуы тиіс. Ол ауған мәселелерін реттеу төңірегінде болады. Вашингтонда жұмыс сапарымен жүрген Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Камилов пен Сироджиддин Аслов осы аптада тиісті құжаттарға қол қоюы керек.

Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, Вашингтон аталған елдердің билігі олардың аумағынан барлау жүргізуге мүмкіндік беруін сұрап отыр. Келісім барлық тарапқа пайдалы екені хабарланды, өйткені "Талибан" радикалды қозғалысының содырлары Тәжікстан шекарасына жақындады.


Бүгін тәліптер Тәжікстан маңындағы тарихи резиденцияны басып алғаны белгілі болды.

29 маусымда Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов ауған әскерінің Өзбекстан аумағына енбек болғанын мәлімдеді.