АҚШ Тайваньның кво-статусы туралы мәлімдеме жасады
![]() |
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Азияға сапары Тайваньдағы немесе аймақтағы кво-статусын өзгертуге байланысты болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. |
Пелоси мен америкалық делегация Жапонияда жүр. Бұл - Азияға сапардың соңғы кезеңі. Токиода өткен баспасөз мәслихаты кезінде Пелоси оның Тайбэйге сапарына қатысты туындаған айыптауларға жауап берді.

"Біз мұндағы өкілдігіміз Тайваньдағы немесе аймақтағы кво-статусын өзгертуге байланысты емес екенін басынан-ақ айттық", - деді ол Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен кездесуден кейін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін