Жарияланды: 280

АҚШ жаңа жылда Еуропада теракт болуы мүмкін екенін ескертті

АҚШ жаңа жылда Еуропада теракт болуы мүмкін екенін ескертті  Сурет - perepel-krym.ru

Ескерту 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін күшінде болады

АҚШ мемлекеттік департаменті жаңа жыл мерекесі кезінде Еуропада теракт қаупі жоғары болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарына мерекелік маусымда Еуропаның барлық дерлік елінде теракт қаупі жоғары екенін ескертті", — делінген хабарламада.

Департамент америкалықтарға жаңа жыл мерекесі кезінде барынша абай болуға кеңес берді.

Хабарламада айтылғандай, аталған ескерту 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін күшінде болады.

"Жақында Франция, Ресей, Швеция, Ұлыбритания, Испания мен Финляндияда болған оқиғалар "ДАИШ", "Аль-Каида" террористік ұйымдары мен оның сыбайластарының Еуропада да теракт жасауға мүмкіндігі бар екенін көрсетті", — деп атап өтті мемлекеттік департамент.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін