Жарияланды: 5300

"Ақшадан өлдің ба? Ұялмайсың ба?". Сәкен Майғазиев халықтан сөз естіп қалды

"Ақшадан өлдің ба? Ұялмайсың ба?". Сәкен Майғазиев халықтан сөз естіп қалды

Жарнама жасаған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Әнші бұл тұрғыда оқырмандарына былай деп жазды:

"Ардақтыларым, ассалаумағалайкум! Кешегі жарнамамнан кейінгі пікірлерді оқып, жағамды ұстадым. "Жарнама жасаған жараспайды", "Ақшадан өлдің ба?", "Ұялмайсын ба?" (Бақауыз сөздерді өшіріп тастадым) т.с.с. Неге ұялуым керек? Бизнес бастағагым үшін бе? ОТАНдық тауарды жарнамалап, халал өнімді қолдағаным үшін бе? Мен "Alhadaya" халал компаниясының негізін қалаушыларының бірімін, ресми өкілімін. "Abyroi" компаниясының (бет бейнесі) амбассадорымын. Маған айына жүздеген ұсыныстар түседі. Күмән келтіретін компаниялармен келісе бермеймін. (Миллиондардың обалына қалғым келмейді). Жарнама жағына келгенде жеті рет өлшеп, бір рет кесуге ақылым да, ақылшыларым да жетеді. АЛЛА тыйым салған (арақ, темекі) дүниелерді насихаттап жатқандай мені жерден алып, жерге салып жатқан жандарға жүрегімізді кірлетпейік дегім келеді. Әлем әншілерінің басым көпшілігі жарнама жасайды. Қазір екінің бірі теледидар көрмейді. Жер шарының төрт бұрышы телефонда тұрғанда неге игі іспен бөлісіп, ОТАНдық өнімді қолдамасқа?! Құшақтадым!"

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін