Ақшасы жоқ отбасы марқұмды жерлей алмай, үйіне алып қайтқан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақшасы жоқ отбасы марқұмды жерлей алмай, үйіне алып қайтқан

Ақшасы жоқ отбасы марқұмды жерлей алмай, үйіне алып қайтқан

Алматыда марқұмды жерлеуге келген қаралы топ мәйітті жер қойнына тапсыра алмай қорымнан кері қайтты. Себебі, зиратқа иелік еткендер әдеттегіден қомақты қаржы талап етіп, марқұмды жерлеуге рұқсат бермей қойған соң, амалы таусылғандар мәйітті қайтадан үйлеріне алып кеткен.

  • 20 Наурыз 2018
  • 113
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Қайғыдан қан жұтқандардың айтуынша, тендер арқалы қорымға иелік еткен компания 55 мың теңге ақша сұрапты. Сонда ғана аталарыңды ақтық сапарға алаңсыз шығарып саласыңдар деген. Бірақ, қаралы отбасының ондай қаржы тауып беруге шамасы жоқ дегендер, мұсылмандыққа жат қылық жасағандарға қолданар шара жоқ дейді. Себебі, бұған дейін қорымға төленетін қаржы 10 мың теңгеден аспаған екен. Ал, қорым иесі мен қаралы топ арасында дәнекер болуға тырысқан аудандық атқамінерлер, ақыр соңында жауаптан жалтарып кетті.

Рысбек Тоқтасынұлы, марқұмның туысқаны:

— Біздің мұсылманшылық жолда қазып берсе қалғанын туысқандар өздері кіргізіп қояды ғой ішіне, сосын ағайындар ішіне топырақ салады.  Бұл кісілер 55 мыңды бостан босқа алып отыр ғой. Сонда жағдайы жоқ адам қабірдің ішіне жата алмайтын болып тұр ғой….

Оқи отырыңыз:

Психоаналитик: Қазақстандағы гомосексуализм мәселесіне назар аударуымыз қажет

"Ақыл айтатын еркектер шайтанның ізінен еріп жүр": тойда бидің қызуымен еденге аунаған ер кісі

Тұрсынғали Алагөзов сотқа арыз берген ұлына жауап берді

 

Соңғы жаңалықтар