АҚШ-та 15 жастағы Семей тумасын атып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та 15 жастағы Семей тумасын атып кетті

АҚШ-та 15 жастағы Семей тумасын атып кетті

18 мамыр күні Шарлотт қаласында Қазақстанда туған Роман Кичигинді атып кетті. Дәрігерлер бозбаланың өмірін сақтап қала алмады, ол аурханада көз жұмды.

  • 22 Мамыр 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Charlotteobserver басылымының мәліметінше, Роман ұсталған көліктерді сатумен айналысқан. Осымен төртінші көлігімді сатамын деген күні ол қайғылы жағдайға тап болған. Роман сатып алушыларды күтіп отырғанда оның көлігін біреу ұрлап әкетпек болған. Кедергі жасамақ болғанда оны тапаншамен атып тастаған.  Қылмыс орнынан қашпақ болған қаскөй көп ұзамай жол жиегіндегі талға соғылған.

Романның жанында анасы да болған, ол дәрігерлер келгенше алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Өкінішке қарай бозбала ауруханаға жеткенде көз жұмған.


Тәртіп сақшылары қылмыс жасаған 18 жастағы Клифтон Стэнфилл атты азаматты ұстаған. Оған ұрлық барысында қару қолданып, адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Қазақстан тумалары 2014 жылы Семейден Шарлотт қаласына көшіп барған. 

Соңғы жаңалықтар