АҚШ-та Қазақстаннан бала асырап алған тағы бір отбасы істі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та Қазақстаннан бала асырап алған тағы бір отбасы істі болды

АҚШ-та Қазақстаннан бала асырап алған тағы бір отбасы істі болды

АҚШ-та Қазақстаннан бала асырап алған тағы бір отбасы істі болып жатыр. Бұл жолы Техастық ерлі-зайыпты Тиссендер «өгей ұлдарын 4 жылға жуық гаражда қамап ұстаған» деген айып тағылуда. Ақпараттарға қарағанда, 22 жастағы Константин Тиссеннің психикалық ауытқуы бар. Дейн мен Дженифер оны 12 жасында 5-ші баласы етіп асырап алған екен.

  • 2 Шiлде 2014
  • 337
Фото - Caravan.kz

Асыранды ұлдарын гаражда ұстаған ерлі-зайыпты мына кісілер. 39 жастағы Дейн мен оның әйелі Дженифер Тиссен. Екеуі өткен аптада тұтқындалған. Федералдық сот мәліметіне қарағанда, олар өгей ұлдарын 4 жыл суық гаражда қамап ұстап келген. Батыс басылымдарының мәліметінше, Тиссендер 22 жастағы Константиді 2004 жылы Қазақстаннан әкеліпті.

Рип Коллинз, адвокат:

-Біз өз тарапымыздан, бұл айыптардың негізсіз екендігін дәлелдейміз. Өйткені бұл жігіт қоғам үшін қауіпті еді. Сондықтан ата-анасы оны қамауға мәжбүр болған.

Константиннің жертөледе жатқанынан көршілер де хабардар екен. Бірақ ешқайсысы құзырлы орындарға хабар бермеген. Қайта сол Тиссендердің адвокатының сөзін сөйлеуде. Айтуларынша, психикалық ауытқуы бар жігіт бірнеше рет ұрлық жасап, қыз зорламақ болған.

Дэвид Дрелл, көршісі:  

-Бұл баланы біздің көшенің қоғамдық бірлестігі талай мәрте қыздарға күш көрсеткен жерінде ұстады. Әлеуметтік қызметкерлер де оны қатаң бақылайтын.

Ал Константин Тиссен полицияға берген түсініктемесінде, өгей әке-шешенің оны гаражда қамап қана қоймай, аштықта да ұстана айтыпты. Енді ерлі-зайыпталардың қылмысы дәлелденсе, кемі 10 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ, бүгін Дейн мен Дженифер әрқайсысы 70 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл ақша төлеп, уақытша бостандыққа шығыпты.


-АҚШ-та Қазақстаннан асырап алынған балаларға қатысты тіркеліп отырған бірінші жайт емес. Былтыр ғана ерлі-зайыпты Мэйоттардың Қазақстаннан асырап алған ұлымен және қызымен 5 жыл жыныстық қатынасқа түскені әшкереленген. Ең сорақысы,  Линда Мэйот 17 жастағы өгей ұлынан бала да сүйген болатын. Кейін бұл ерлі-зайыптылар 22 жылға сотталды.