АҚШ-та тағы бір қазақстандық азамат жол апатынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та тағы бір  қазақстандық азамат жол апатынан қаза тапты

АҚШ-та тағы бір қазақстандық азамат жол апатынан қаза тапты

АҚШ-та Нұрлан Нөгербеков есімді 46 жастағы қазақстандық азамат жол апатынан қаза тапты.

  • 7 Наурыз 2018
  • 342
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Gofundme сайты Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобына хабар жариялаған. БАҚ мәліметінше, марқұм Огайо шатының оңтүстік-батысындағы Цинциннати қаласында апаратын жолда келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. WLWT.com порталының мәліметі бойынша, 46 жастағы ер адам 5 наурызда шамамен кешкі сағат 18.20-да жол-көлік оқиғасына тап болған. Оның автокөлігі тас жолдан шығып кетіп, кәріздің бетон қақпасына соғылған. Көлік бірден отқа оранып, ер адам ауруханада қайтыс болған Нұрлан Нөгербеков.

Хабарлама авторлары марқұмның денесін Таразға жеткізу үшін қаражы сұрап отыр. "Нұрлан қайырымды әке әрі күйеу, қымбатты бала әрі бауыр, жақсы дос бола білген. Туыстары марқұмды жерлеуі үшін Нұрланның денесін үйіне тасымалдауға ақша сұраймыз. Қазақстан елшілігі тасымалдауға көмектесуге дайын. Әркімнен үлес қосуын я сілтемені бөлісуін сұраймыз. Кез келген әрекетіңіз Нұрланның отбасына жасаған жақсылығыңыз болмақ", — делінген хабарламада.
 

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та қаза тапқан студент Даиыр Сағдиев қазақстандық емес — СІМ
Алматыда 23 жастағы бойжеткенді жігіті мен достары пәтерге алдап апарып зорлаған
Қарағандылық 19 жастағы бойжеткен желіде пәктігін саудаға салды
Соңғы жаңалықтар