АҚШ-та таралған ішек инфекциясы McDonalds-тың салатынан шыққан болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та таралған ішек инфекциясы McDonalds-тың салатынан шыққан болуы мүмкін

АҚШ-та таралған ішек инфекциясы McDonalds-тың салатынан шыққан болуы мүмкін

Аталған инфекцияның белгілері – диарея, құсу, әлсіздік, тәбетті жоғалту, арықтау, қызудың көтерілуі.

  • 13 Шiлде 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Иллинойс пен Айова штаттарында ішек инфекциясына қатысты тергеу басталды, қазіргі таңда 100-ден астам жайт тіркелді. Билік ішек инфекциясы McDonald's желісінің салатынан таралған болуы мүмкін деген болжам айтты, деп хабарлайды Today.kz BuzzFeed сайтына сілтеме жасап. 

Ауру мамыр айының ортасында басталған. Бәрі Cyclospora cayetanensis паразитін жұқтырған. Аталған инфекцияның белгілері – диарея, құсу, әлсіздік, тәбетті жоғалту, арықтау, қызудың көтерілуі. 

Қазіргі таңда тергеу инфекция McDonald's желісінің салатынан таралғанын көрсетті. Басылым Иллинойс штатындағылардың көбі McDonald's салатын ауру белгілері байқалғанға дейін жегенін жазды. 


McDonald's-тың үш мыңнан астам мейрамханасы әлгі салатты келушілерге ұсынбай отыр. 

Соңғы жаңалықтар