АҚШ-та тергеуге алынған студенттің әкесі «Нұр Отан» партиясы фракциясынан шығарылды -Атырау - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та тергеуге алынған студенттің әкесі «Нұр Отан» партиясы фракциясынан шығарылды -Атырау

АҚШ-та тергеуге алынған студенттің әкесі «Нұр Отан» партиясы фракциясынан шығарылды -Атырау

Атырауда кәсіпкер Әмір Исмағұлов - АҚШ-та тергеуге алынған студент Азамат Тажаяқовтың әкесі қалалық мәслихатта «Нұр Отан» ХДП фракциясынан шығарылды.

  • 22 Қаңтар 2014
  • 341
Фото - Caravan.kz

 «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Азмұханов хабарлағандай, Әмір Исмағұловты «Нұр Отан» фракциясынан шығару туралы ұсыныс қалалық мәслихатта оның ұзақ уақыт бойы болмауына байланысты туындаған. 9 ай бойы АҚШ-та жүрген депутат партия фракциясының отырыстарына қатыспақ түгілі, кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауды да жүзеге асыра алмайды.

«Соған қарамастан Әмір Исмағұлов бұрынғыша Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып қалып отыр», деді Қ.Азмұханов.


Еске сала кетейік, Азамат Тажаяқов АҚШ-та 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондағы лаңкестік актісіне байланысты істе сот төрелігін жүргізуге кедергі келтірді деген айыппен тергеуге алынды. Бұл оқиғаның салдарынан үш адам қаза болып, 280-нен астам адам зардап шекті.