АҚШ-та тұрғын үйлердің басым бөлігін қытайлықтар алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та тұрғын үйлердің басым бөлігін қытайлықтар алып жатыр

АҚШ-та тұрғын үйлердің басым бөлігін қытайлықтар алып жатыр

АҚШ-та тұрғын үйлерді шетелдіктердің тарапынан сатып алу 35 пайызға артқан, оның ішінде басым бөлігі қытайлықтардың үлесінде.

  • 10 Шiлде 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz

 Бұндай мәліметтерді Риэторлардың ұлттық қауымдастығы келтіріп отыр.

ҚХР-дан келген сатып алушылар биылғы наурызда аяқталған 12 айдың ішінде 22 млрд. доллардың баспанасын иемденген. Бұл АҚШ-та шетелдіктерге саудаланған тұрғын үйлердің 24 пайызын құрайды. Өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда (12,8 млрд. доллар) өсім 19 пайызды қамтыды, деп хабарлады Газета.Ru.

Аталған мерзімде шетелдіктер АҚШ-та 92,2 млрд. доллардың баспанасын сатып алған. Өткен қаржылық жылда бұл көрсеткіш 68,2 млрд. долларды құраған болатын.