АҚШ-та туристер қоныстанған қонақүйді жер жұтып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та туристер қоныстанған қонақүйді жер жұтып қойды

АҚШ-та туристер қоныстанған қонақүйді жер жұтып қойды

АҚШ-тың Флорида штатында туристер қоныстанған қонақүйді жер жұтып қойды. Абырой болғанда ғимарат ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгерген. Ал орын алған оқыс оқиғаны куәгерлер таспаға жазып үлгеріпті.

  • 14 Тамыз 2013
  • 330
Фото - Caravan.kz


Әйгілі Диснейлендтің жанында орналасқан қонақүйдегі апатты жағдай осыдан бірнеше күн бұрын белгілі болған. Бірақ ғимарат жер астына кіре бастаған сәтте ғана адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қонақүй тереңдігі төрт, ал диаметрі 15 метр болатын алып орға құлап кеткен. Айта кетерлігі, бұл Флорида штатында жерасты суларының жиналуынан ғимараттар жиі опырылып түсетін көрінеді.