АҚШ-та ұшақ өртеніп, 15 адам зардап шекті
![]() |
АҚШ-тағы Флорида әуежайынан Каракас қаласына ұшуға дайындалған |
«Боинга-767» ұшағының ұшу алаңына бұрылғанда сол жақтағы қозғалтқышы өртенген, деп хабарлады Би-би-си.
Жолаушылар дереу үрлемелі басқыштың көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға салдарынан 15 адам жарақаттанды. Басым көпшілігі жеңіл-желпі жарақаттар алған, тек ауыр күйік шалған бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға ұшақтың сол жақтағы қозғалтқышы өртенуі себебінен орын алған. Жолаушылардың айтуынша, алдымен шарт еткен қатты дыбыс естіліп, кейін қозғалтқыш түтіндей бастаған.
Бортта барлығы 101 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін