Жарияланды: 210

АҚШ-тағы дүлей дауылдан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

Техаста «Харви» дауылынан құрбан болғандар саны 60 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні Associated Press агенттігі хабарлады деп жазды ТАСС.

Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, адамдары ең көбі Хьюстонда қаза болған. Ондағы табиғи апат құрбандарының саны 30 адамға жетті. АҚШ-тың ауқымы жағынан 4-ші орында тұрған қаласы басшысының бағалауынша, тек көшелерді қоқыстар мен қирандылардан тазарту үшін $100 млн шығындалады. Ал «Харви» дауылынан соң Техаста пайда болған су тасқынының салдарымен күреске $180 млрд қажет болады, деді жексенбі күні аталмыш штаттың губернаторы Грегг Эбботт.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін