Тәртіпсіздік кезінде ондаған полицей жарақат алды. Наразы топ оларға қарсы тас лақтырып айналадағы дүкендер мен көліктерді қиратуда. Бірнеше адам қамауға алынғанымен бұзақылықтың тоқтайтын түрі жоқ. Ал жаппай наразылыққа себеп болған тағы сол нәсілшілдік. 12 сәуір күні қара нәсілді жас жігітті полиция құрықтап, кейін ол ауруханаға түскен. Бір апта жатқан Фредди Грэй ақыры тілге келместен көз жұмыпты. Балтимордың қара нәсілді тұрғындары жігітті полицейлер қасақана тепкілеп өлтірді деп отыр.