АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы Қазақстанда отбасылық дәрігерлік амбулаториялар құруға арнап грант бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы Қазақстанда отбасылық дәрігерлік амбулаториялар құруға арнап грант бөледі

АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы Қазақстанда отбасылық дәрігерлік амбулаториялар құруға арнап грант бөледі

Бүгін, 9-желтоқсанда Астанада ҚР денсаулық сақтау министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бұл құжат республика аймақтарында алғашқы медициналық жәрдем көрсету саласын дамытуға арналған. Меморандумға сәйкес, республиканың бірқатар қалаларында отбасылық дәрігерлік амбулаториялар құрылады. АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы бұл мақсатқа грант бөліп отыр. Алғашқы дәрігерлік амбулаториялар Семей мен Оралда ашылады. Соңынан осындай амбулаторияларды Көкшетау мен Оңтүстік Қазақстан облысында да ашу көзделіп отыр.