АҚШ-тың оңтүстігінде болған табиғат апатынан 100 мыңнан аса адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың оңтүстігінде болған табиғат апатынан 100 мыңнан аса адам зардап шекті

АҚШ-тың оңтүстігінде болған табиғат апатынан 100 мыңнан аса адам зардап шекті

Американың Техас, Луизиана және Калифорния штаттарындағы табиғат апатынан жүз мыңдаған адам зардап шекті.

  • 3 Наурыз 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Техаста болған күшті жел 170 мыңнан аса адамды жарықсыз қалдырды, — деп хабарлады бейсенбі күні «Oncor» Техас коммуналды компаниясы. Торнадодан Даллас, Франклин және Хопкинс округтері де зардап шегіп, қатты жел тіркемесі бар бірнеше көлікті аударып жіберген. Шривпорт қаласындағы Луизиана штатының университеті дауылдан кейін шамалы бүлінді. Желдің күштілігі сонша, оқу ғимаратының жанындағы тұрақта тұрған екі көлік контейнерін орнынан жылжытып жіберген. Калифорния тұрғындары қысқы дауыл салдарынан қар құрсауында қалды. Штат билігі оңтүстіктегі таулы аудандарға азық-түлік пен басқа да керек-жарақты жеткізу үшін тікұшақ пайдалануды жоспарлап отыр. Губернатор Гэвин Ньюсом 13 округте төтенше жағдай жариялады, ал Сан-Бернардино округінің шерифі зардап шеккендерге құтқару құралдары тікұшақпен жеткізілетінін хабарлады. Өрт сөндіру қызметінің дерегі бойынша, кейбір тау маңындағы елдімекендерде 10 футқа дейін (3 метр) қар жауған, құтқару туралы 100 өтініш түскен.

Сондай-ақ Крестлайн қаласында азық-түлік дүкенінің шатыры құлады. Калифорниялық «Caltrans» көлік министрлігі тәулік бойы қар тазалау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Жоғарыдағы штат билігінің мәліметінше, қаза тапқандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.


Соңғы жаңалықтар