Жарияланды: 1800

АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Өзбекстанмен ынтымақтастыққа негізделеді - Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты

АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Өзбекстанмен ынтымақтастыққа, ал Еуропалық одақтың саясаты аймақтағы барлық елдермен тең дәрежелі ынтымақтастыққа негізделеді. Бұл туралы пікірді бүгін, 17-маусымда қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастық мәселесі бойынша жыл сайын өткізілетін бірінші Алматы конференциясында сөйлеген сөзінде Лондондағы Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының Ресей және Еуразия жөніндегі бағдарламасының төрайымы Оксана

Антоненко ортаға салды. О.Антоненконың айтуынша, Батыстың екі жетекші орталығының сыртқы саясатта ұстанған бағыт-бағдары екіге айырылды, қазір олар екі түрлі мақсатты көздейді. "АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздігіне көбірек бас қатырса, Еуропа - тәуелсіздікті жаңадан алған мемлекеттерде демократиялық институттардың дамуы мен адам құқығының сақталуына көңіл бөліп отыр ",- деді О.Антоненко. Сөйтіп, АҚШ үшін Орталық Азия - терроризмнің таралу ошағы болғандықтан Вашингтонның Өзбекстанда өз әскерін орналастыруы ұзақ мерзімді құбылыс деп санау керек. О.Антоненконың пікірінше, Еуропа үшін Орталық Азия- күннен-күнге ауқымы кеңейе түскен Еуропаның тұрақсыз қиыр шығысы , заңсыз көші-қон, есіірткі тасымалы, халықаралық қылмыс-қайшылық тәрізді қауіпсіздікке "аздап" қатер төндіретін жағдаяттар дәл осы бағыттан туындауы мүмкін деп санайды. Сол себепті Еуропалықтар үшін бұл аймақта әскер шоғырландыру - қандай да бір нақты тауқыметті шешуге арналған уақытша шара. Соған қарамастан НАТО контингенті орналастырылғаннан кейін Ауғанстандағы ахуал үшін жауапкершілікті Еуропа елдері толығымен өз мойнына алуға әзірлік танытып отыр,- дейді О.Антоненко.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін